БАТЫР САХАБАЛАРДЫҢ БІРІ - ҮКАША АТА
Keywords:
Сахаба, дін таратушы, құдық, сыр, бата, тылсым дүние, қабір, әулие, дұға, періште.Abstract
Атағы шыққан сахабалардың бірі, дін таратушы, суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын әулие. Соғыста ешбір жеңіліс көрмеген, батыр сахаба. Өзі өлсе де аты осы күнге дейін өлген жоқ. Дін тарату жолында өз үлесін аямаған жан. Тірі кезінде біршама жорықтарда қатысып, жеңістерімен ислам діні тарауында еңбегін қосқан батыр. Алдына қойған мақсаты жолында ешбір тосық пен дауларға қарамаған. Дұшпандарын өз батырлығы және қайтпастығымен қорқыта алған. Дегенмен, Ислам діні дұшпандарының қорқатындай бар еді. Өйткені, Үкаша ата жорыққа шықса болды жеңбегенше оралмаған. Оның есімін естігенде дұшпандар ойлана қалатын.
References
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Раушангүл Омарова „Бабалар жолы-нұрлы жол‟ АСТАНА 2017
Мұхтар Қожа „Оңтүстік Қазақстанның әулие жерлері‟ ШЫМКЕНТ 2014